Қайтыс болуды тіркеу туралы хабарлама

Қайтыс болуды тіркеу туралы хабарлама

Құрметті қызмет алушылар, қайтыс болуды электронды түрде тіркеуге арналған пилоттық жоба іске қосылды. Енді қайтыс болуды АХАТ органында тіркеп, қайтыс болу туралы медициналық куәлік алу үшін медициналық ұйымдарға, содан кейін қайтыс болуды тіркеу туралы өтініш беруге ХҚО бөлімдеріне және қайтыс болу туралы елтаңбалы бланкты алу үшін АХАТ органдарына барудың қажеті жоқ.
Қайтыс болу туралы медициналық куәлік медициналық қызметкерлер толтырған уақытта қайтыс болған жердегі АХАТ органдарының ақпараттық жүйелеріне автоматты түрде түседі. АХАТ бөлімінің қызметкері электронды түрде келіп түскен қайтыс болу туралы медициналық хабарлама негізінде қайтыс болу туралы актілік жазбаны тіркейді.
Сәйкесінше, марқұмның туыстары, қажет болған жағдайда, қайтыс болғанын құжаттық растау үшін бұл қызметті «Электрондық үкімет» порталы (Egov), «отбасы» - «отбасылық жағдайы» бөлімі, «Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама» қызметі арқылы тапсырыс беріп ала алады.
Ол үшін өтініш берушіде порталға кіру үшін ЭСҚ және қайтыс болған адамның ЖСН нөмірі болуы қажет. Жеке кабинетте «Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаны» жүктеу немесе басып шығару қажет.
Мүдделі мемлекеттік органдар қайтыс болуды тіркеуге байланысты қызметтерді ұсынуда оңтайландырылған үдерісті пилоттық режимде жүзеге асыруда уәкілетті органдардың өзара әрекеті туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды. Тиісті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арасында біріктіріледі, осыған байланысты қайтыс болуды растау үшін «қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаны» ұсыну жеткілікті.
Сондай-ақ, қайтыс болған адамға қатысты қайтыс болуды міндетті медициналық куәландыру қажет екенін түсіндіреміз, куәландыру болмаса қайтыс болу фактісі сот тәртібі бойынша анықталады.

Екібастұз қаласы әкімдігінің
АХАТ бөлімі басшысы М.Сатвалдинова