Баланы АХАТ бөліміне тіркеудің қажеті не?

Баланы АХАТ бөліміне тіркеудің қажеті не?

«Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ тұрғындарға 8 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жағымды қызметтердің бірі – нәрестенің туылуын тіркеу.
2020 жылдың 9 айында бөлім туу туралы 1883 актілік жазба тіркеді, өткен жылмен салыстырғанда 206 нәрестеге көп (2019 жылы - 1677 туу туралы актілік жазба).
Баланың туылуын тіркеу тәртібі мен шарттары туралы.
Баланы АХАТ бөліміне тіркеудің қажеті не?
Баланы АХАТ органына тіркеу нәтижесі болып туу туралы куәлікті алу табылады. Дәл осы құжат баланың жеке куәлігі немесе төлқұжатын алғанға дейін оның жеке басын куәландыратын болады. Туу туралы куәлікте бала туралы негізгі мәліметтер: аты, тегі, әкесінің аты, туған күні мен орны, ЖСН бар. Сондай-ақ, қарым-қатынасты растайтын ата-анасының толық аты-жөні және азаматтығы көрсетілген.
Кейіннен жеке куәлік немесе төлқұжат беру туу туралы куәліктен алынған мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.
Баланың атын және тегін таңдауда шектеулер бар ма?
Есімі ата-анасының келісімі бойынша жазылады. Баланың атында сандарды, әріптік-сандық белгілерді, цифрларды, шартты белгілерді және әріптік емес белгілерді («сызықша» белгілерін қоспағанда), сондай-ақ дәрежелерін, лауазымдарын, атақтарын көрсетуге тыйым салынады.
Баланың тегі тууды тіркеу кезінде оның ата-анасының тегімен жазылады. Ата-анасының тектері екі түрлі болған жағдайда, ата-аналарының келісімі бойынша, балаға әкесінің тегі немесе анасының тегі беріледі. Сондай-ақ, баланың тегін ұлттық дәстүрлерді ескере отырып тағайындауға да рұқсат етіледі.
Баланың әкесінің аты әкесінің атымен жазылады.
Егер баланың анасы баланың әкесімен некеде тұрмаса және баланың әкесі анықталмаса, онда келесі нұсқалар болуы мүмкін:
1) баланың аты анасының қалауы бойынша жазылады, әкесінің аты - баланың әкесі ретінде туу туралы куәлікте көрсетілген адамның атымен, баланың тегі - анасының тегі бойынша;
2) егер баланың әкесі туралы мәліметтер туу туралы актілік жазбаға енгізілмеген болса, онда баланың аты және әкесінің аты анасының қалауы бойынша, баланың тегі - анасының тегі бойынша жазылады.
Баланың ата-аналары арасындағы неке бұзылған, сот оны жарамсыз деп таныған немесе егер жұбайы қайтыс болған жағдайда, бірақ некені бұзған күннен бастап, жарамсыз деп танығаннан бастап немесе жұбайы қайтыс болған күннен бастап баланың туған күніне дейін 280 күннен аспаған жағдайда, баланың анасы туралы мәліметтер оның туылуы туралы жазбаға жалпы тәртіпте, әкесі туралы мәліметтер - ата-аналардың неке қию туралы куәлігі немесе некені мемлекеттік тіркеу фактісін растайтын басқа құжат, сондай-ақ некені бұзу фактісі мен уақытын растайтын құжат негізінде енгізіледі.