Электрондық үкімет порталының пайдаланушысы болу үшін не істеу керек?

Электрондық үкімет порталының пайдаланушысы болу үшін не істеу керек?

Электрондық үкіметтің egov.kz порталы бір терезе қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін жеңілдету үшін құрылған.

Egov.kz - бұл мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің бірыңғай нүктесі: билікпен ашық диалог, құпиялылық, азаматтардың мемлекеттік органдармен тікелей қарым-қатынас жасауы және кері байланыс орнатуы.

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 Жарлығы «электрондық үкімет» веб-порталын құрудың негізі болып табылады. Электрондық үкімет порталы 2006 жылдан бері жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметтерді алудың көптеген жолдары бар:

үйде компьютер және Интернетке қолжетімділік болса - www.egov.kz сайтында;

eGov mobile, telegram (AppStore/Playmarket-те тегін жүктеу) мобильдік қосымшасы арқылы;

жалпыға қол жетімді орындарда;

еліміздің кез-келген қаласының (облысының) «Азаматтарға арналған үкімет» (ХҚО) МК КЕАҚ бөлімшелерінде.

Электрондық үкімет порталында электрондық цифрлық қолтаңбасыз бір реттік құпиясөз енгізу арқылы 45 қызмет түрі көрсетіледі.

Қызметті бір реттік құпиясөз арқылы алу үшін www.egov.kz порталында авторизацияланған пайдаланушы ЖСН және «азаматтардың мобильді дерекқорында» (АМД) тіркелген ұялы телефон нөмірін көрсетіп, содан кейін алынған бір реттік құпиясөзді арнайы өріске енгізуі қажет. Телефон нөмірін пайдаланушының жеке кабинетіндегі ЖСН-ге немесе ХҚО-ға хабарласу арқылы байланыстыруға болады.

АХАТ саласында бір реттік СМС-құпиясөз арқылы алу мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің тізімі:

  1. Некеге тұру туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
  2. Әкелік құқықты бекіту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу
  3. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
  4. Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
  5. Некені бұзу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
  6. Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
  7. Аты, тегі, әкесінің атының ауысқаны туралы анықтама алу
  8. Некенің бұзылғаны туралы анықтама алу
  9. Некеге тұру туралы анықтама алу
  10. Туу туралы анықтама алу.
  11. Баланың тууын тіркеуге электрондық өтінішті беру
  12. Некенің бұзылуы туралы тіркеуге электронды өтініш беру
  13. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге арналған электрондық өтініш беру
  14. Некені тіркеуге электрондық өтініш беру

Осылайша, Қазақстандағы ЭСҚ дәстүрлі қолтаңба мен мөрдің орнына жүреді. Бұл өте ыңғайлы: қағазбастылық өткеннің еншісінде қалады.

Электронды қолтаңба қойылған құжаттар арақашықтыққа қарамастан қызмет алушыға бірнеше секунд ішінде жеткізіледі.

Бір артықшылығы - Қазақстан Республикасындағы ЭСҚ-ны қолдан жасау мүмкін емес, сондықтан сіз қолтаңбаны қауіпсіз қолдана аласыз.

Сонымен қатар, кемшіліктер де бар – сандық кілт тек бір жылға беріледі. Алайда, бұл қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жасалған.

Ескерту қажет: ЭСҚ мен құпиясөзді үшінші тұлғаларға беруге болмайды!

Жеке тұлғаларға арналған ЭСҚ ұсынатын мүмкіндіктер аясы кең.

Электронды қолтаңбаға өтініш беріңіз және маңызды мәселелерді үйден шықпай шешіңіз.