«Сауатты тұтынушы» және «Сауатты сатушы» тақырыбында семинар өтті

«Сауатты тұтынушы» және «Сауатты сатушы» тақырыбында семинар өтті

2022 жылғы 7 қарашада заңгер - медиатор Б.В. Омаровтың, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Р.К. Букаевтың және Екібастұз қаласы кәсіпкерлерінің қатысуымен «Сауатты тұтынушы» және «Сауатты сатушы» тақырыбында семинар өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты тауар тұтынушылар мен сатушылардың, көрсетілетін қызметті берушілердің, жұмыстарды орындаушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру болды.

Сондай-ақ құқықтық негіздерді, заң практикасын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы, сатып алушылар мен сатушылар арасындағы сауатты өзара іс-қимылды түсіндіру.