БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

 

Қаулы жобасымен «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 16-тармағы 2-4) тармақшасына өзгерістер енгізіледі.

Бөлімнің құзыретіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 199, 204-баптары және 455-бабы (бірінші бөлігі 1) 2), 4) тармақшалары екінші бөлігі және бесінші бөлігі) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру қосылды.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес келтіріледі.

Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы  «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастыруға жатпайды.