Екібастұз қалалық мәслихатының
«Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна
мөлшерлемелерін бекіту туралы»
шешім жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы
2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің
2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын
бекіту туралы» № 181 бұйрығына сәйкес шешім жобасымен Екібастұз қаласы
бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері хостелдерді,
қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді
орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітіледі.
Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.
Осы шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе
құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде мына мекенжай бойынша орналастырылған: