Екібастұз қаласы әкімдігі «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2025 жылғы 12 тамызда «Қазақстан» алаңында өтетін «Екібастұз Fest» жастар фестивалі аясында мерекелік саудаға қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Қатысуға келесі бағыттар бойынша кәсіпкерлер шақырылады:
•тамақ өнімдері мен сусындарды сату;
•сәндік-қолданбалы өнер шеберлері.
Мерекелік саудаға қатысушылар сауда орнын абаттандыру және санитарлық нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі қажет.
Құжаттар тізбесі:
1.Қатысуға өтінім;
2.Жеке куәліктің көшірмесі;
3.Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
4.Тамақ өнімдерін сату кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды.
Өтінімді келесі электрондық поштаға жіберу қажет: gu.pred.ae@pavlodar.gov.kz
Немесе мына мекенжайға қолма-қол тапсыруға болады: Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 506-кабинет
Анықтама телефоны: 8 7187 34 72 54