Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ереженің 16-тармағы 2-4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2-4) өз құзыреті шегінде өңірдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру:
-Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 199-бабы бойынша хаттамалар жасау;
-Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабы бойынша хаттамалар жасау;
-Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 455-бабы (бірінші бөлігі, екінші бөлігінің 1) 2), 4) тармақшалары және бесінші бөлігі) бойынша хаттамалар жасау;
-Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабы бойынша хаттамалар жасау»;».
Екібастұз қаласының
әкімі А. Бейсекин