Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабына сәйкес, қаулы жобасымен «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 16-пункті 2-4) тармақшасына өзгерістер енгізіледі. Бөлімнің өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»  Кодексінің 199, 204, 455, 505-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру енгізілді.

Жобаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар талап етілмейді.

Осы қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде орналастыруға жатпайды.

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Дата публикации
18 июня 2026