
«Қандастар өкілдерімен және оңтүстік өңірлерден келген тұлғалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ консультативтік-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру» жобасы аясында өңіріміздің бірқатар елді мекендерінде кездесулер өтті.
Атап айтқанда, Екібастұз қаласының "Достық үйі" КММ, Солнечный кентінде, Байет және Атығай ауылдарында қоғамдық қабылдаулар мен кездесулер ұйымдастырылып, қандас азаматтар көкейлеріндегі түрлі сұрақтарды қойып, нақты әрі тұшымды жауаптар алды.
«Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚҚ Павлодар облыстық филиалының басшысы Заут Болат қандастарға құқықтық, әлеуметтік және көші-қон бағытындағы кеңестер беріп, анықтамалық буклеттер таратты.
Мұндай шаралар қандастарымыздың жаңа ортаға бейімделуіне, құқықтық сауаттылығын арттыруға және өзекті мәселелерді шешуге септігін тигізеді.