Естай Беркімбаевтың 155 жылдығына арналған іс-шаралар халықты кеңінен қамтып, бай ұлттық мазмұнмен өткізілді.
Этноауылда қала тұрғындарына ұлттық тағамдар ұсынылып, қымыз құйылды.
Сондай-ақ іс-шараларда екібастұздықтар қазақ күресі, асық ату, арқан тарту, қошқар көтеру, садақ ату, кір тасын көтеру ұлттық спорт ойындарына қатысып, бақтарын сынады.
Көкпар, тайжарыс, аударыспақ сияқты ат спорты жарыстары әдеттегідей тартысты өтті.
Жарыстың жеңімпаздары мен қатысушылары демеушілер есебінен естелік және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Естай Беркімбаевтың 155 жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруда демеушілік көмек көрсеткені үшін кәсіпорын басшыларына алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз:
«Промсервис Отан» ЖШС, «Аnsa Silicon» ЖШС, «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС, «Mineral Product International» ЖШС, «Гидропром» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС, «El Tau» ЖШС, «Халық банкі» АҚ, «Технодом» ЖШС, «Коммунсервис» ЖШС, «Нар Транс» ЖШС.
Демеушілік қолдаудың арқасында қала тұрғындары мен қонақтары мерекеде көптеген жағымды эмоцияларға бөленді.
Ұйымдастырушы комитет