Екібастұз өңірінің жас отбасылары аратында «Тату отбасы» конкурсы өтті

Екібастұз өңірінің жас отбасылары аратында «Тату отбасы» конкурсы өтті

Oтбасым — менің жүрегім,
Отбасым — менің тірегім,
Отбасым – менің Отаным

Тек сен деп соғар жүрегім, – дегендей, жас ұрпақтың бойында жоғары адамзаттық қасиеттерді, ұлттық рухани отбасылық құндылықтарды дарыту, отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру мақсатында, сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру шеңберінде «Тату отбасы» байқауы ұйымдастырылды. Оған Екібастұз өңірінің жас отбасылары қатысты.
Байқау барысында «Менің отбасым» атты бейнероликтер легі көрсетіліп, «Біздің отбасылық дәстүріміз» айдарында жастар өздерінің отбасылық тағамдары мен қолөнерлерін ортаға салды. Ал «Даңқ минутасы» айдарында қатысушылар ән мен өлең оқып, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.
Қатысушыларды әділқазылар алқасы, атап айтқанда ардагер ұстаз Мадина Боранова, «Ана ұлағаты» ҚБ мүшесі Ляззат Салиқызы Шушаева, «Мама» қоғамдық қорының директоры Алимов Арслан бағалады.
Конкурс нәтижесі бойынша 1-ші орынды Умарова Аминат пен Батайұлы Амандық отбасысы, 2-орынды Балнұр мен Жангелді Сапарғалиевтар отбасысы, 3-орынды Назерке мен Әмір Меилхановтар отбасысы ұтты. Алғыс хаттар Аманжол Мерейхан мен Нұрмағанбет Захан отбасысына, Айнұр және Арман Махатовтар отбасысына табысталды. Құттықтаймыз!