Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша «Best project ANTIKOR» үздік жоба байқауының ЕРЕЖЕСІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша «Best project ANTIKOR» үздік жоба байқауының ЕРЕЖЕСІ
  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы «Best project ANTIKOR» үздік жобасы байқауының (бұдан әрі мәтін бойынша - Байқау) мәртебесі мен өткізілу тәртібін регламенттейді.

1.2. Байқаудың ұйымдастырушысы «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ қолдауымен «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігі болып табылады.

1.3. Осы Ереже байқауды өткізу тәртібін, қатысушыларға қойылатын талаптарды, жеңімпаздарды іріктеу критерийлерін белгілейді және конкурстық іс-шаралар аяқталғанға дейін қолданылады.

 

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеті

2.1.         Мақсаты: жеке жоба жасау арқылы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды насихаттау.

2.2.         Міндеті: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері мен жастардың өзара іс-қимылын нығайту.

 

  1. Байқауды өткізу мерзімі

3.1.         Байқау 01.07.2022 ж. бастап өткізіледі.

3.2. 10.07.2022 ж. дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитеті байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдайды.

 

  1. Байқауға қатысу шарттары

4.1.         Байқауға Екібастұз қаласының 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

4.2.         Байқауға қатысу үшін Ұйымдастыру комитетіне дайындап, белгіленген мерзімде ұсыну қажет:

- жеке жоба (презентация, эссе және т. б.)

 

 

  1. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

5.1. Байқауды өткізу үшін байқау жобаларын сараптамалық бағалау және байқау жеңімпаздарын айқындау мақсатында Ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

5.2. Ұйымдастыру комитетінің құрамына азаматтық қоғам өкілдері, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері кіреді.

5.3. Байқау жобаларын Ұйымдастыру комитеті 10.07.2022 жылға дейін мына электрондық пошта бойынша: zoj_pvl@mail.ru немесе +77472058025 WhatsApp нөміріне қабылдайды.

5.4. 5.3-тармақта көрсетілген қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін берілген байқау жобалары қаралмайды және Байқауға жіберілмейді.

 

  1. Байқау жеңімпаздарын анықтау және оларды марапаттау тәртібі

6.1 Әрбір байқау жұмысы бір кезеңге бағаланады.

6.2. Барлық жіберілген жұмыстар ұйымдастыру комитетімен келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • жаңашылдығы;
  • жоба тақырыбына сәйкестігі;
  • авторлық құқықтың сақталуы.

6.3. Жұмыстарды ұйымдастыру комитетінің мүшелері балдық жүйе бойынша әрбір критерий бойынша 1-ден 5 баллға дейінгі шкала бойынша бағалайды. Ұйымдастыру комитетінің шешімі жұмыс алған орташа баллға негізделеді және хаттама түрінде ресімделеді.

6.4. Ұйымдастыру комитеті, жіберілген жұмыстар осы Ереженің шарттарына сәйкес келмесе, оларды қабылдамауға құқылы.

6.5. Байқау қорытындысы 14.07.2022 ж. жарияланады.

6.6. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға I, II және III орындар беріледі

6.7. Конкурстың барлық жеңімпаздары жүлделі орын көрсетілген дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

  1. Байланыс ақпараты

 

7.1. Байқаудың өткізілуіне жауапты: «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар қоғамдық бірлестігі, Тел.: +7(747) 205-80-25, электрондық поштасы: zoj_pvl@mail.ru.

 

 

             «Жастар салауатты өмір салты үшін»

 ЖҚБ басшысы Д. Сагитов