ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалар облыс аумағында заңсыз
митингілер мен шерулерге қатысуға шақыруда.
2020 жылдың 6 маусымынан бастап Қазақстанда «Қазақстан
Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
туралы» Заң (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енгізілді, онда жиналыстарды,
митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау
тәртібі көзделген, яғни оларды өткізу күніне дейін ұйымдастырушы 5 жұмыс
күні бұрын әкімдікке қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық
қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында хабарлама
беруге тиіс, ол хабарлама 3 жұмыс күні ішінде қаралатынын түсіндіреміз
(Заңның 10, 11-баптары).
Бұл ретте бейбіт жиналыстар тек белгіленген орындарда өткізілуі тиіс
(Заңның 9-бабы). Бұл үшін жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар)
осындай орындарды, пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын және
оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
жөніндегі талаптарды, сондай-ақ пикеттерге кіруге жол берілмейтін іргелес
аумақтардың шекараларын айқындайды (Заңның 8-бабы).
Қала прокуратурасы азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын
мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз
акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

Екібастұз қаласының прокуратурасы