"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі конкурстың басталғаны туралы

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау жөніндегі конкурстың басталғаны туралы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ағымдағы жылы әрбір грантқа 3 млн.теңге сомасына 30 грант берілетін болады.
Грантты тағайындаудың мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.
Грантты алуға конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған сәтте 14 жастан кіші емес және 29 жастан үлкен емес ҚР азаматы үміткер бола алады.
Гранттар ҚР азаматтарына келесі бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:
"Ғылым" - ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру үшін;
"Мәдениет" - Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;
"Ақпараттық технологиялар"-жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде бастаушы стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;
"Бизнес" - экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;
"Медиа" -жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контентті құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 20 қыркүйекке дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, "Министрліктер Үйі" Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс), 8 7172 74-05-25, (87058223333), (электрондық нұсқасы) generation.kaz@gmail.com.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады және:
1. Жобаның сипаттамасы;
2. Жобаның бейне-презентациясы (60 секундтан артық емес);
3. Шығындар сметасының жобасы;
4. Зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса).
Толығырақ ақпаратты ("Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын тағайындау ережелері және т. б.) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында (<url>) qogam.gov.kz) «Жастар саясаты» бөлімінен білуге болады.