Қазақстан Республикасының Металлургтер күніне

Қазақстан Республикасының Металлургтер күніне

Қазақстандық өнеркәсіптің жетекші саласының бірі – металлургия.
Осы салада қызмет ететін майталман мамандар ел экономикасының өркендеуіне орасан зор үлес қосып жүр.
Елбасы да еңбек жолын Қарағанды металлургия зауытынан бастаған. Домна пешінің басында жұмыс істеп, әбден шыңдалған.
Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Н.Ә. Назарбаев та атсалысады. Бұл тарихи оқиға оның «Қазақстанның құрыш келбеті» кітабында толық баяндалады.
Тұңғыш Президенттің 2003 жылдың 15 қарашадағы Жарлығы бойынша шілденің үшінші жексенбісі Металлургтер күні ретінде аталып өтіледі.
Осы мерекелік датағы орай Елбасы кітапханасы қазақстандық металлургтердің ерен еңбегіне арналған бейнеролик дайындады.