Көңіл айтамыз

Көңіл айтамыз

Екібастұз қаласының әкімдігі Ұлы Отан соғысының ардагері Борисова Октябринаның қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.
Октябрина Илларионовна 1924 жылдың 4 қарашасында туған. 1942 жылы медбикелер курсн бітірген соң санитарлық батальон құрамында соғысқа аттанады. 1943 жылдан бастап 138-ші жеке артиллериялық дивизияның Тынық мұхиты флотының құрамында болып, бірнеше қалаларды жаудан азат етуге қатысады. Соғысты Жапонияда аяқтайды.
Соғыс аяқталғаннан кейін 1952-1953 жылдары Удмуртиядағы Водкин қаласындағы кірпіш зауытында жұмыс істеді. 1955 жылы Пермь облысындағы Фокинский совхозының орман шаруашылығында жұмысын жалғастырды, 1956 жылы Татарстанға көшті. 1961-1969 жылдар аралығында Докучаевский совхозында шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1979 жылы зейнеткерлікке шықты.
ІІ дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет» ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Маршал Жуков», «Адмирал Кузнецов», «Ерен еңбегі үшін», «Армия генералы С.Нұрмағамбетов» және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Екібастұз қаласының құрметті азаматы.