«Жасыл ел» жұмыс береді

«Жасыл ел» жұмыс береді

Қаланың «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының аймақтық штабы жазғы демалыс кезінде жастарға құрылыс, экологиялық, волонтерлік бағыттар бойынша студенттік жасақтарда жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Жаз мезгілінде Екібастұз өңірінде СЖЕЖ жұмысымен 220 студентті қамту жоспарланып отыр.
Волонтерлер жасағының студенттері белгілі бір аумақтарды тазалаумен, сондай-ақ қаланың 30 ауласындағы балалар алаңдарын сырлаумен айналысады.
Экологиялық жасақ студенттерін жұмысқа орналастыру шарты «Ардабил ЛТД» ЖШС мердігерлік ұйымымен жасалды. Бұл жасақтың жұмыскерлері шөп шабумен, құрғақ бұтақтарды кесумен және қоқыс жинаумен айналысады.
Сондай-ақ, алты мердігерлік ұйым («ПТСФ ДАНиЕР» ЖШС, «Компания Нурай Строй» ЖШС, «Гидропром» ЖШС, «Инженерные сети» ЖШС, «Астанаинжкомстрой» ЖШС) құрылыс жасағының студенттері үшін жұмыс орындарын ұсынады.
Жастар еңбек жасақтарының жұмысы санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып құрылған.
Студенттік жасақтардың жұмысын ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап іске қосу жоспарлануда. Сәттілік тілейміз!