
Жиынға «Достық Үйі» КММ директорының міндетін атқарушы Ю. Мерк төрағалық етті. Отырысқа Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Жантелиев Р. Қ. және қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Төлебаева Ж. Қ. қатысты.
Отырысқа барлық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, сондай-ақ «Аналар кеңесі» мен «Ассамблея жастары» ұйымдарының жетекшілері қатысты. Кездесу барысында өткен жылдағы атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды. Аталған жоспарлар Екібастұз қаласында этносаралық саясатты одан әрі дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар Достық үйі жанындағы ұлттық орталықтардың қызметіне ерекше назар аударылды. Кездесуде мәдени көптүрлілікті сақтау, этносаралық келісімді нығайту мәселелері кеңінен сөз болды. Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының идеологиясы «алуан түрліліктегі бірлік», өзара құрмет, азаматтық жауапкершілік және отансүйгіштік қағидаттарына негізделетіні атап өтілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастыруға, келісім мәдениетін қалыптастыруға және жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін маңызды қоғамдық диалог алаңы болып қала береді.