Ақпараттандыру жұмыстарын күшейту мақсатында төртжақты меморандум жасалды

Ақпараттандыру жұмыстарын күшейту мақсатында төртжақты меморандум жасалды

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында қала тұрғындары мен жастар арасында нашақорлықтың зияны, интернет алаяқтықтың қаупі және өзге де әлеуметтік маңызы жоғары мәселелер бойынша ақпараттандыру жұмыстарын күшейту мақсатында Екібастұз қаласы прокуратурасының бастамасымен және Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы төртжақты меморандум жасалды.

Аталған құжатқа “Макси Синема” және “Люмьер” кинотеатрларының басшылығы қол қойды.

Меморандум аясында нашақорлықтың денсаулыққа, қоғамға және болашаққа тигізер зияны туралы бейнероликтер мен ақпараттық хабарламалар экранда көрсету; интернет алаяқтықтың түрлері мен одан қорғану жолдары бойынша түсіндірме материалдарын тарату; жастардың құқықтық мәдениетін арттыру жөнінде ақпараттық хабарламалар беру; отбасы құндылықтары, салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы бейнематериалдар көрсету жоспарланған.

Бұл бастама қала жастарының қауіпсіз ортасын қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.