
Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы ұйымдастырылып, оған мемлекеттік органдардың өкілдері, жастар ұйымдарының басшылары, белсенді жастар және кеңес мүшелері қатысты.
Кеңес күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды. Бірінші мәселе - Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ішкі саясаттың жаңа қағидаттарын бекітуі талқыланды. Бұл бағытта әлеуметтік, мәдени және құқықтық бастамаларды іске асыру жолдары қарастырылды, мемлекеттік саясат аясында жастардың әлеуетін арттыру, олардың бастамаларын қолдау мәселелері жан-жақты талқыланды. Екінші мәселе - Жастар ассамблеясында атқарылуы тиіс жұмыстар қаралды. Жастар ұйымдарын қолдау, еріктілік қызметін дамыту, талантты жас өкілдерге қолдау көрсету және олардың бастамаларын ынталандыру сияқты нақты ұсыныстар қаралды. Үшінші мәселе - «ГРЭС-1» кәсіпорнында жастар саясатын жүргізу мәселесі талқыланды. Кәсіпорындағы жас қызметкерлердің кәсіби және әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету, олардың жұмысқа деген ынтасын арттыруға бағытталған ұсыныстар ұсынылды. Кеңес отырысы жастарға қатысты мәселелерді жүйелі түрде шешуге, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға және қоғамдық өмірге қатысуын кеңейтуге бағытталды. Сонымен қатар, қатысушылар жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін арттыруға қатысты ұсыныстар мен нақты іс-қимыл жоспарларын ұсынды.