«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» акциясы

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» акциясы

2025 жылғы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Екібастұз өңірінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» республикалық акциясы өткізілуде. Бұл бастама - еліміздегі адам құқығын қорғау жүйесін күшейтуге, зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеуге және қауіпті жағдайға тап болған азаматтарға уақтылы көмек көрсетуге бағытталған маңызды іс-шара. Акция аясында өңірде түсіндіру жұмыстары, профилактикалық кездесулер, тренингтер, мамандардың қатысуымен ашық диалог алаңдары ұйымдастырылып, тұрғындарға зорлық-зомбылық белгілерін ерте анықтау, көмек көрсету тәртібі және құқықтық қорғау тетіктері түсіндіріледі. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары мен үкіметтік емес ұйымдар арасында өзара іс-қимылды күшейтуге басымдық беріліп отыр. Акцияның басты мақсаты - тұрмыстық, психологиялық, жыныстық және экономикалық зорлық-зомбылық көріністерінің алдын алу, жәбірленушілердің құқығын қорғауды қамтамасыз ету, қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсы нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру. Әрбір азаматтың қауіпсіздігі - мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз зорлық-зомбылыққа ұшыраса, дереу төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңыз қажет:

Байланыс нөмірлері:

  • 102 – Екібастұз қаласы Полиция бөлімі, кезекші бөлім
  • 8 (7187) 28-03-93 – Екібастұз қаласының прокуратурасы
  • 8 (7187) 77-08-90 – Екібастұз қаласы ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы
  • 8 (7182) 54-36-47, 54-03-03 – «Әйелдерді балаларымен әлеуметтік-психологиялық бейімдеу және оңалту Павлодар қалалық орталығы» КММ
  • 1406, 8 702 892 97 77, 8 701 436 90 82 – «Қорғау-Астана» жеке қоры
  • 8 (7187) 28-03-48 – Екібастұз қаласының білім бөлімі (балалардың құқықтарын қорғау бөлімі)