
Екібастұз қаласында нашақорлық қылмысының алдын алу шаралары туралы ведомствоаралық кеңес өтті. Кеңес барысында “STOP нашақорлық” жобасы аясында маңызды құжат - төрт тарапты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі ұйымдастырылды. Бұл бастама Екібастұз қаласы прокуратурасының бастамасымен, Екібастұз қаласы әкімдігінің қолдауымен және полиция басқармасының қатысуымен жүзеге асырылды. Іс-шара “Заң және Тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі өңірлік іс-шаралар жоспары мен 2025 жылға арналған өңірдегі қылмыстық жағдайды тұрақтандыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі “Жол картасы” аясында өтті. Меморандумның негізгі мақсаты есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын тарату мен жарнамалауға қарсы күресті күшейту, қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу бағытында бірлескен шараларды үйлестіру. Кеңес барысында нашақорлықпен күрестегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру үшін тұрғындардан келіп түскен хабарламаларға қатысты марапаттау жүйесі де таныстырылды.
Атап айтқанда: