Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне 30 жыл толуына орай Экібастұз қаласындағы «Шахтёр» стадионында «Жас Қыран-2025» халықаралық ММА турнирі жоғары деңгейде өтті.
Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен және жақын шетелден 30-дан астам спортшы келіп, өз күшін, шеберлігін және жеңіске деген жігерін көрсетті.
Турнир «YERENGAIPOV TEAM» жекпе-жек мектебінің негізін қалаушы Диас Еренғайыповтың бастамасымен және осы мектептің қолдауымен ұйымдастырылды.
Салтанатты іс-шараға Экібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин қатысып, жергілікті спортшылардың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, салауатты өмір салтын насихаттауда және экибастұздық спортшыларды республикалық әрі халықаралық деңгейге шығарудағы еңбегі үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты.
Футбол алаңының дәл ортасына орнатылған аренада 15 тартысты жекпе-жек өтті. Экібастұздың намысын қорғаған жеңімпаздар қатарында:
• АРБ лигасының чемпионы Сайхан Жемұқаев
• Марат Ашимтаев
• Алишер Ақбақытов
• Аңсаған Сәду бар.
Толығырақ ақпаратты «Голос Экибастуза» газетінің бүгінгі санынан және ekibastan.kz сайтынан оқи аласыздар.