«Абай мұрасы – мәңгілік бағдар» атты ерекше аудиожинақ жобасы жарық көрді

«Абай мұрасы – мәңгілік бағдар» атты ерекше аудиожинақ жобасы жарық көрді

Ұлы дала ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұрпақ санасына сіңіру мақсатында «Абай мұрасы – мәңгілік бағдар» атты ерекше аудиожинақ жобасы жарық көрді. Авторы белгілі журналист Елдос Төлеубайұлы.
Бұл жоба – Абайдың рухани мұрасын цифрлық дәуірге бейімдей отырып, оны жастарға, тыңдаушы қауымға тың серпінмен жеткізудің жаңа жолы.
Абай атамыздың 180 жылдығына орай аталған аудиожоба Екібастұз қаласы ішкі саясат бөлімінің парақшасында тұрақты негізде жарияланып тұратын болады.
Абайдың 1-ші қара сөзін @sayasat_ekibastuz Инстаграм парақшасынан тыңдай аласыздар.