«Восточный» кенішінде жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіби шеберлік байқауы өтті. Бұл жолы өз ісінің нағыз мамандары – токарьлар бәсекеге түсті. Байқау жөндеу-механикалық учаске жұмысшылары арасында ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты жұмысшылардың кәсіби дағдыларын дамыту, өндірістік мәдениетті нығайту және жұмысшы мамандығының беделін арттыру болды.
Барлық жүлдегерлер мақтау қағаздары мен ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Толығырақ ақпарат @erg.vostochnyi ресми парақшасында.