«Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау конкурсы 2024 жылғы 22 сәуірде сағат 15.00-де Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 404 каб. тел.:8(7187) 741032, 740552, электрондық пошта: gu_ojkh@mail.ru мекенжайында өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсқа келесі маршруттардың пакеттері (маршруттар) қойылады:
№ 1 лот – қала - «Сутазартқыштар» (СТ)» саяжайы - «Надежда» саяжайы, қала - «Союз» саяжайы маршруттар пакеті;
№ 2 лот – Байет - Екібастұз ;
№ 3 лот – Атығай - Екібастұз;
№ 4 Лот – Ақкөл - Екібастұз маршруты Зеленая роща ауылы арқылы;
№ 5 Лот – Екібастұз - М.Ж. Көпеев кесенесі маршруты Бесқауға ауылы арқылы;
№ 6 Лот – Екібастұз - Ә.Марғұлан маршруты Шиқылдақ ауылы арқылы.
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына ие кез келген жеке және занды тұлға қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 407 каб. мекенжайындағы «Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ-не немесе электрондық пошта gu_ojkh@mail.ru ұсынуы тиіс.
Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2024 жылғы 5 сәуір сағат 18-30-ға дейін.
2024 жылғы 26 наурызда сағат 11.00–де конкурстық Комиссия Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 404 каб. мекенжайында Конкурсты өткізу мәселесімен конкурсалды конференция өткізеді.
Анықтама телефондары: 8 (7187) 74-10-32, 74-05-52