Іске асыру барысы туралы ақпарат 3 тоқсан 2022

Іске асыру барысы туралы ақпарат 3 тоқсан 2022

"Халықтық қатысу бюджеті" жобасы "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында азаматтардың бюджет процесіне кеңінен қатысу құралдарының бірі болып табылады.
2021 жылы қала тұрғындары 9 жобаны ұсынды, тұрғындардың дауыс беру қорытындысы бойынша 2 жобаны іске асыруға жол берілді – "Мәшһүр Жүсіп үйінің ауласында заманауи балалар алаңын салу 52/1, 52/2, 52/3, 52/4, 52/5, 52/6", құны-11 721 мың теңге және "Жылы аялдама (Кегокқа қарама-қарсы)", құны 5 100 мың теңге.
Бүгінгі күні "Кегокқа" қарама-қарсы жылы аялдаманы орнату жұмыстары аяқталды.
"Мәшһүр Жүсіп үйінің ауласында заманауи балалар алаңын салу 52/1, 52/2, 52/3, 52/4, 52/5, 52/6" жобасы бойынша Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы "Strong service" ЖШС мердігерлік ұйымы анықталды. Бүгінгі таңда балалар ойын алаңын орнату жұмыстары аяқталды.
Осы жоба шеңберінде ағымдағы жылы қала тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша 2023 жылы іске асыру үшін 3 жоба іріктелді:
1. "Мәшһүр Жүсіп 37, 37 А, 37б, 37 Г үйінің ауласында заманауи балалар алаңын салу" жобасы.
2. "Екібастұз қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, 61"А" мекен-жайындағы балалар алаңын реконструкциялау" жобасы.
3. "Беркімбаев көшесі 95 бойынша "проекциялық жаяу жүргіншілер өткелі" (Жарық сызығы) " жобасы.