АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау конкурсы 2022 жылғы 26 қыркүйекте сағат 15.00-де Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 404 каб. тел.:8(7187) 741032, 740552, электрондық пошта: gu_ojkh@mail.ru мекенжайында өткізілетінін хабарлайды.
Конкурсқа келесі маршруттар пакеті (маршруттар) шығарылған:
№ 1 лот – «Ақкөл – Екібастұз – Ақкөл» маршруты.
№ 2 лот – «Бәйет – Екібастұз – Бәйет» маршруты.
№ 3 лот – «Екібастұз – М.Ж.Көпеев кесенесі – Екібастұз» (Бесқауға) маршруты.
№ 4лот–«Ә.Марғұлан атындағы ауыл–Екібастұз–Ә.Марғұлан атындағы ауыл» (Шиқылдақ ауылы, Шідерті кенті арқылы) маршруттар пакеті.
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына ие кез келген жеке және занды тұлға қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 407 каб. мекенжайындағы «Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ-ға немесе электрондық пошта gu_ojkh@mail.ru ұсынуы тиіс.
Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2022 жылғы 16 қыркүйек сағат 18-30-ға дейін.
2022 жылғы 26 тамызда сағат 11.00–де конкурстық комиссия Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, 404 каб. мекенжайында конкурсты өткізу мәселесімен конкурсалды конференция өткізеді.
Анықтама телефондары: 8 (7187) 74-10-32, 74-05-52