АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

2020 жылғы 19 қарашадағы «Отарқа», «Голос Экибастуза» газетінің № 46 жарияланған №1 лотқа №2, №22, №5 маршруттары жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау жөніндегі конкурсы ұсынылған жол бағыттар пакетіне тек қана бір қатысушының өтінімі ұсынылғына орай, өткізілмеген деп танылған.
№1 лотқа №2, №22, №5 маршруттары қайталама конкурс 2021 жылғы «25» қантарда сағат 15.00-де 141206, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі 62, каб. 404 тел.: 8(7187)741032, 740552, электрондық пошта: gu_ojkh@mail.ru мекенжайында өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына ие кез келген жеке және занды тұлға қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, каб.407 мекенжайындағы «Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ-не немесе электрондық пошта gu_ojkh@mail.ru ұсынуы тиіс.
Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2021 жылғы 08 қантар сағат 18-30-ға дейін.
2020 жылғы 25 желтоқсанда сағат 11.00–де конкурстық Комиссия Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62, каб.404 мекенжайында Конкурсты өткізу мәселесімен конкурс конференция өткізеді.
Анықтама телефондары: 8 (7187) 74-10-32, 74-05-52