АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттік мекемесі жолаушылар мен жүктерді үнемі қалалық, қала сыртындағы және ауданішілік (Екібастұз қаласының ауылдық аймағы) автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына жеңімпаздарды анықтау жөніндегі конкурс 2020 жылдың «21» желтоқсан сағат 15.00-де Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі 62, каб.404 тел.: 8(7187) 741032, 740552, электрондық пошта: gu_ojkh@mail.ru мекенжайында өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурсқа маршруттардың пакеттері (маршруттар) қойылады:
№ 1 лот - №2, №22, №5 маршруттар пакеті.
Конкурсқа меншік нысанына қарамастан меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына ие кез-келген жеке және занды тұлғалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі 62, каб.407 мекенжайындағы «Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ-не немесе электрондық пошта gu_ojkh@mail.ru ұсынуы тиіс.
Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2020 жылғы «02» желтоқсан сағат 18-30-ға дейін.
2020 жылғы «20» қараша сағат 11.00–де конкурстық Комиссия Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі 62, каб.404 мекенжайында Конкурсты өткізу мәселесі бойынша конкурс алды конференциясын өткізеді.
Анықтама телефондары: 8 (7187) 74-10-32, 74-05-52