Қаланың жасыл желектерін күтіп ұстау және абаттандыру шаралары аясында ағаштарды санитарлық және қалыптастыру мақсатындағы кесу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар жоспарлы түрде, негізінен көктемгі және күзгі кезеңдерде орындалады, өйткені дәл осы мерзімдер ағаштарды кесу үшін ең қолайлы агротехникалық уақыт болып саналады.
Жұмыстар барысында құрғаған, зақымданған және апатты бұтақтар алынып тасталады, ағаштардың тәждері қалыптастырылады, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жасыл желектерді тиісті деңгейде күтіп ұстауға бағытталған өзге де шаралар жүзеге асырылады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ағаштарды кесу жұмыстарын жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде (көшелерде, скверлерде, саябақтарда, бульварларда және басқа да қоғамдық аумақтарда) қалалық аумақты күтіп ұстау бойынша жоспарлы жұмыстар шеңберінде жүргізеді.
Сонымен қатар көппәтерлі тұрғын үйлердің аула аумақтары кондоминиум объектісіне жатады және тұрғындардың ортақ меншігінде болады.
Осыған байланысты аталған аумақтарда ағаштарды кесу жұмыстары үй-жай меншік иелерінің бастамасы және қаражаты есебінен немесе кондоминиум объектісін басқару органдары (МИБ,ПИК) арқылы жүзеге асырылады.
«Екібастұз қаласы әкімдігінің
ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысы А. Хакимов