Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабы 9-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 7 ақпандағы «Жариялануға жататын мәліметтер тізбесін бекіту туралы» № 26 бұйрығына сәйкес:
1) саяси мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
2) «А» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
3-1) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
4) Қазақстан Республикасының судьялары мен олардың жұбайлары (зайыптары);
5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған, жеке тұлғалардың декларацияларында көрсетілген мәліметтер есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде жариялануға жатады
Айгерим Ерлановна Сулеева Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Екібастұз-Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры болып 2025 жылғы 18 ақпанда тағайындалуына байланысты, 2024 жылға арналған декларацияда көрсетілген кірістер жариялануға жатпайды.