Тұрғын үйлерді күрделі жөндеу барысы

Тұрғын үйлерді күрделі жөндеу барысы

Екібастұз қаласында алты көппәтерлі тұрғын үйді «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен жөндеу жұмысы жалғасуда.

         Жұмыс түрлері пәтер және тұрғын емес үй-жай меншік иелерінің басым көпшілігінің шешімімен таңдалды, Бағдарлама шарты бойынша оған қатысу үшін, төбе жабындысын күрделі жөндеу немесе профильді не болмаса металл жабындымен реконструкциялау, автоматтандырылған жылу жүйесін орнату міндетті талап болып табылады. Меншік иелерінен жазбаша сауалнаманы тұрғындардың күрделі жөндеу жұмыстарын атқару мониторингісіне, сондай-ақ қорытынды қабылдау комиссиясына қатысатын ынталы тобы жүргізеді. Әр меншік иесі бас мердігермен және басқару органымен жасалған келісімшартқа сәйкес жауапкершілік алады.  

         Әзірленген жобаларға сәйкес, Энергетиктер к. 71, Пшембаев к. 27, Кеншілер к. 15В үйлерде төбе жабындысын реконструкциялау жұмысы аяқталуда.  Мердігер ұйымдар бөлшектеу жұмыстарын жүргізді, желдеткіш шахталар тазаланды, желдеткіш шахталар, өртке қарсы қабырғаларды тұрғызды, төбе жабындысының периметрімен жақтауы қаланды, төбе жабындысының құрылысы монтаждалды. Үйлердің периметрлері бойынша төсем қалпына келтірілді, су тартудың металдан жасалған жүйесі орнатылды. Металл және профильді жабындыны салу жұмыстары жалғасын табуда.

         Энергетиктер к. 42 үй тұрғындары төбе жабындысын реконструкциялауға қоса, кірешектерді күрделі жөндеуді таңдады: кірешектердің ішін жөндеу, ескі кафельдерді алып тастау жұмыстары басталды,  қоқыс құбырлары бөлшектелді, жаңадан плиастикадан жасалған терезелер орнатылды.

         Шілде айынан бастап Абай к. 1В және Пшембаев к. 12 тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары басталды, сондай-ақ осы үйлердің тұрғындары төбе жабындысын реконструкциялауды және инженерлік желілерді жөндеуге қатысты жекелеген жұмыс түрлерін таңдады.  

         Тұрғын үйді күтіп ұстау, ортақ мүлікті ағымдағы және күрделі жөндеуді қоса алғанда, оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету – пәтер және тұрғын емес үй-жай меншік иелерінің міндеті болып табылады.

         Қала тұрғындары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін барлық толғандырған мәселемен Тұрғын үй инспекциясы бөліміне жүгінуі шарт, электронды поштасы zhilinsekb@mail.ru, 347354.