«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы орынбасарының 2022 жылдың қорытындысы бойынша есебі

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы орынбасарының 2022 жылдың қорытындысы бойынша есебі

 

 

Тұрғын үй инспекциясы бөлімі 2022 жылы 162 қауіпті техникалық құрылғыны есепке алды – Екібастұз қаласының әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі лифтілер мен эскалаторлар, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі жылыту, су жылыту қазандықтары (елді мекендер шекарасы шегінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілері), 22- шағынаудандағы Құрылыс бөлімі салған Сәтбаев к., 37, Энергетиктер к., 116, 118, Торайғыров к., 110 көппәтерлі тұрғын үйлер.

 

Мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында қауіпті техникалық құрылғының иесі (не қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйым басшысы) Е лицензиялау» порталы арқылы сканерленген түрде қауіпті техникалық құрылғының паспортын қоса бере отырып, есепке қоюға өтінім беретіні көзделген.

 

Техникалық паспортта өзекті мәліметтер:

қауіпті техникалық құрылғының орналасқан жері туралы;

жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтар, жауапты тұлғалардың қолдары мен мөрлері бар техникалық куәландыру жүргізу туралы жазбалар толтырылуы тиіс екендігіне назар аударамын.

Қазақстан Республикасының жүк көтергіш механизмдерін, қазандықтарын қауіпсіз пайдалану саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес әрбір қауіпті техникалық құрылғы – жүк көтергіш механизм гидравликалық және техникалық сынақтардан өтуі тиіс.

 

Лифтілер мен басқа да жүк көтергіш механизмдер үшін:

1 пайдалануға қабылдау актілері;

2 техникалық дайындық актісі;

3 мерзімді техникалық куәландыру актісі паспортқа міндетті актілер болып табылады.

Қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар мен ыдыстар үшін паспортқа міндетті қосымшалар пайдалануға қабылдау актілері, гидравликалық сынау және сыртқы тексеру актісі болып табылады.

Лифт немесе қазандық пайдаланудың нормативтік мерзімін пысықтаған жағдайда, иесі мамандандырылған ұйымды тарта отырып, техникалық жай-күйіне сараптамалық тексеру жүргізеді. Пайдалану мерзімін ұзарту туралы сараптамалық қорытынды алғаннан кейін ғана нормативтік қызмет мерзімін өтеген қауіпті техникалық құрылғылар жергілікті атқарушы органға есепке қойылуы мүмкін.

 

Куәландырудың және сараптаманың барлық актілері міндетті қосымшалар болып табылады және паспортпен бірге сақталады, қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою туралы өтінім берген кезде куәландыру актілері және қажет болған жағдайда қызмет мерзімін ұзарту туралы сараптамалық қорытынды актісі қоса берілуге тиіс.

 

Егер мәлімделген паспортта ескертулер болса, өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес есепке қоюдан бас тарту мынадай негіздер болуы мүмкін:

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылады.

 

 

Азаматтарды мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру мақсатында тұрғын үй инспекциясы бөлімі бұқаралық ақпарат құралдарында мынадай жұмыстар жүргізді:

- 2022 жылдың қыркүйек айында «Голос Экибастуза» газетінде «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты туралы мақалалар жарияланды;

- Мемлекеттік қызметті көрсету ережесі Екібастұз қаласы Ашық әкімдігінің ғимаратындағы стендте, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің ресми сайтында және бөлімнің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі парақшасында орналастырылған;

- тұрғын үйлерді басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың атына қауіпті техникалық құрылғыларды жергілікті атқарушы органға есепке қою қажеттілігі туралы түсіндіру сипатындағы хаттар жолданды;

- есепке қою туралы ақпараттық хаттар Екібастұз өңірінің ауылдық округтері, кенттері мен ауылдары әкімдеріне жіберілді;

- әкімшілік-құқықтық сектор мемлекеттік қызметті алу бойынша инфографика әзірледі.

 

2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы саны 10 200-ге жуық адамды қамтитын халықты ақпараттандыру бойынша 13-тен астам іс-шара өткізілді.

Тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері туралы есепті ақпаратты тоқсан сайын Екібастұз қаласы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне жібереді.

 

Қоғамдық тыңдауды өткізу қорытындысы бойынша Тұрғын үй инспекциясы бөлімі үшін 2023 жылы келесі мәселелер ұсынылады:

 

 

  • бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық хаттар жолдау, ақпаратты орналастыру арқылы халық арасында электрондық форматта мемлекеттік қызметтер алуды насихаттау шараларын - түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу;

2022 жылдың екінші тоқсанында көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан лифттерді есепке қоюға қатысты тұрғын үйлерді басқару органдарымен (ПИК, ПКСК, ЖК, МИБ, ҚС) және «Экибастулифт» ЖШС-мен кеңес өткізу;

– бекітілген ұсыну қағидаларында баяндалған талаптарға сәйкес -тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету.

 

Есеп аяқталды.