2023  жылғы 10 қаңтарға қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою туралы есеп

2023  жылғы 10 қаңтарға қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою туралы есеп

Тұрғын үй инспекциясы бөлімі Екібастұз қаласының әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №229 бұйрығымен бекітілген ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес «Қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік қызметін көрсетуге уәкілетті.

            Қағидаларда қауіпті техникалық құрылғылардың иелері – жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органға есепке қоюы тиістігі көзделген.  Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берушілер қауіпті техникалық құрылғының паспортын қоса бере отырып, «Е лицензиялау» порталында белгіленген өтініш нысанын сканерленген түрде толтырады.

            Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларына сәйкес, қауіпті техникалық құрылғының паспортына қауіпті техникалық құрылғының иесі, орналасқан жері, жарамды жай-күйі мен пайдалануға жауапты адамдар туралы өзекті мәліметтер енгізілуі тиіс, техникалық куәландыру актілері паспортқа міндетті қосымша болып табылады.

            Тұрғын үй инспекциясы бөлімі есепке қою өтінімін түскен күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарайды, мемлекеттік қызмет автоматтандырылған, өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету туралы нәтижені «Е лицензиялау» порталындағы жеке кабинет арқылы алады.

            Егер қауіпті техникалық құрылғы паспорттың деректеріне сәйкес нормативтік қызмет мерзімін аяқтаған болса, бірақ пайдалану жалғасса, иесі қауіпсіз пайдаланудың нақты жай-күйін белгілеу және ықтимал мерзімін ұзарту мақсатында, өнеркәсіптік сараптама жүргізу шараларын қабылдауы тиіс. «Ескірген» қауіпті техникалық құрылғылар қызмет мерзімін ұзарту туралы тиісті сараптамалық қорытынды болған кезде ғана тұрғын үй инспекциясына есепке қойылуы мүмкін.

            Қағидаларға сәйкес, қараша айындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органға 196 қауіпті техникалық құрылғы (Екібастұз қаласының сауда орталықтарындағы, көппәтерлі тұрғын үйлердегі жолаушылар және жүк лифтілері, автокран, эскалаторлар, жылыту, су жылыту қазандықтары, сондай-ақ Екібастұз өңірінің елді мекендерінің білім беру объектілеріндегі білім беру мекемелері) есепке қойылды.

            Тұрғын үй инспекциясы бөлімі әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне көп пәтерлі тұрғын үйлер, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелері, өзге де ғимараттар және елді мекендер шекарасының шегіндегі инфрақұрылым жататынын хабарлайды. Осы мекемелердің иелері қолданыстағы қауіпті техникалық құрылғыларды жергілікті атқарушы органға есепке қою шараларын қабылдауы қажет.

Мемлекеттік қызметті алуға қатысты барлық сұрақтар бойынша «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің әкімшілік-құқықтық секторына 34-73-54 нөмірі бойынша хабарласуды ұсынамын.