КТҮ мәселелері жөніндегі жұмыс жиналыс

КТҮ мәселелері жөніндегі жұмыс жиналыс

Тұрғын үй инспекциясы бөлімінде тұрғын үйлерді басқару органдарымен жұмыс отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй қорын басқару мәселелері талқыланды.

Қолданыстағы «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң бойынша тұрғын үйлердің ортақ мүлкін басқару және күтіп-ұстау жөніндегі шығыстарға арналған ең төменгі тарифті бекіту мынадай тәртіпті көздейді: жергілікті атқарушы органдар тиісті мәслихаттың бекітуіне тариф жобасын ұсынады.

Басқару органдары тариф бойынша кемінде 3 жобаны тұрғын үй инспекциясы бөліміне қарауға ұсынуы тиіс және бұдан әрі келісілген жоба мәслихат сессиясын бекітуге жіберіледі.

Сондай – ақ үйлерді басқарудың жаңа түрлеріне көшу - мүлік иелерінің бірлестігі және жай серіктестік, жылыту маусымынан өту, қыс мезгілінде үй маңындағы аумақты қар мен мұздан тазарту, кіреберіс радиаторларды ауыстыру мәселелері көтерілді.

Отырыс қорытындысында өзекті мәселелерді орындауға қатысты тапсырмалар әзірленді.