
Тұрғын үй инспекциясы бөлімі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес, наурыз айынан бастап басқару органдарына (пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың өкілдеріне) қатысты жолаушылар лифтілерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға қатысты Ерекше тәртіп бойынша тексерулер бастады.
Ерекше тәртіп бекітілген критерийлер бойынша жоспарлы тексеруді көздейді. Негізгі бұзушылықтардың біріне (өрескел бұзушылық) нормативтік қызмет ету мерзімі өткен техникалық құрылғыларды уақтылы жаңарту жөніндегі нормаларды сақтау жатады. Тұрғын үй инспекциясы бөлімі қызмет мерзімін аяқтаған лифтілер туралы мәліметтерді бірнеше рет орналастырды, бұл лифтілер одан әрі пайдалану үшін нақты қауіп төндіреді. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері ескірген лифтілерге өнеркәсіптік сараптама жүргізу туралы немесе тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша лифт пен жабдықты толық ауыстыру туралы шешім қабылдауы тиіс.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ерекше тәртіппен жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша тексерілген субъектілерінің атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар жіберілетін болады. Тұрғын үй инспекциясы бөлімі пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерін ортақ мүлікті күтіп-ұстау жөніндегі заңды міндеттерін жауапкершілікпен орындауға және өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтау жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға үндейді.