«Біздің сүйікті үйіміз және әсем ауламыз» қалалық конкурсын өткізу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

 «Біздің сүйікті үйіміз және әсем ауламыз» қалалық конкурсын өткізу тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.1 «Біздің сүйікті үйіміз және әсем ауламыз» конкурсы (бұдан әрі - конкурс) Екібастұз қаласы күніне арналған.

 

1.2 КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ

1.2.1Көп пәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін сақтау және күтіп-ұстау жөніндегі бастамасын қолдау және дамыту;

1.2.2 Көп пәтерлі тұрғын үйде тиімді меншік иесі институтын қалыптастыру;

1.2.3 Энергия үнемдеу саясатын жүргізу;

1.2.4 Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру;

1.2.5 Көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұруға қолайлы жағдай жасауға, аулаларды абаттандыруға және үй маңындағы аумақтарды көгалдандыруға халықты, кондоминиум объектілерін басқарудың барлық нысандарын тарту.

1.3 КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР

Конкурсқа қаланың көппәтерлі тұрғын үйлерінде тұратын тұрғындар және кондоминиум объектілерін басқарудың барлық нысандары қатыса алады. 

2 КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ

2.1 Конкурсқа қатысуға өтінім «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-ге беріледі.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 27 мамырдан 7 маусымға дейін мына мекенжайда жүзеге асырылады: Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 каб.318., өтінімді, сондай-ақ, электрондық мекен жайға жіберуге болады: zhilinsekb@mail.ru.
Конкурс қорытындысы 2021 жылдың 11 маусымында шығарылады.
2.2 «Біздің сүйікті үйіміз және әсем ауламыз» конкурсы келесі аталымдарда өткізіледі:
- «Үздік кірешек»;
- «Үлгілі аула»;
- «Ынтымақты үй».
2.3 «Үздік кірешек» аталымының жеңімпаздары келесі талаптарға сәйкес анықталады:
1) кірешектің, жалпы пайдалану орындарының, лифт кабиналарының санитарлық жай-күйі;
2) кірешектің басқарушысының, кірешек тұрғындарының өзге де қоғамдық өзін-өзі басқару органының болуы;
3) кірешекті жайластыру, жайлылық элементтерінің және техникалық қорғау құралдарының болуы;
4) тұрғындардың санитарлық жағдайды реттеуге, кірешекті абаттандыруға белсенді қатысуы;
5) кірешектің, баспалдақ алаңдарының, қалталардың, лифтілердің жарықтандырылуы;
6) кірешектегі терезе жақтауларының, есік блоктарының және жылу жүйесінің жарамдылығы, баспалдақ қоршауларының, пошта жәшіктерінің сақталуы, пәтерлердің есіктерінде нөмір белгілерінің және кірешек, кірешекте кірешектің, пәтерлердің нөмірлері және ҮИК, диспетчер телефондары жазылған тақтайшалардың болуы;
7) хабарламаларға арналған тақтаның болуы, кірешек есіктерінде ақпараттардың өз бетінше орналастырылмауы;
8) кірешек маңында гүлзардың немесе гүл бағының болуы;
Байқаудың максималды бағалануы – 80 ұпай.
Тұрғындардың өздері жасаған ерекше аббаттандыру элементтері болған жағдайда, максималды бағалау 10 ұпайға артады.
2.4 «Үлгілі аула» аталымының жеңімпаздары келесі талаптарға сәйкес анықталады:
1) үй маңайындағы аумақты, балалар ойын (спорт) алаңшасын тиісті санитарлық жағдайда ұстау;
2) үйдің қасбетінің жағдайы, ауланың және кірешектердің жарамды жарықтандыруының болуы, кірешек есіктерінде, үй қабырғаларында ақпараттардың өз бетінше орналастырылмауы, хабарламаларға арналған тақтаның болуы;
3) үйде бейнебақылау камераларының болуы, кірешектерде кірешектер мен пәтерлердің нөмірлері, ПИК, диспечерлік қызмет телефондары жазылған тақтайшаның болуы.
4) үй кірешектерінің алдында гүлзарлар немесе гүлбағының немесе үй маңайында көшеттердің болуы.
5) пәтер иелерінің кішкентай сәулет формаларын және кіру топтарын (кірешектерді) сырлау жұмыстарын орындауы. 
Конкурстың максималды бағалануы - 50 ұпай.
Тұрғындардың қосымша өздері жасаған жақсы аббаттандыру элементтері болған жағдайда, максималды бағалануы 10 ұпайға артады.
2.5 «Ынтымақты үй» аталымының жеңімпаздары келесі талаптарға сәйкес анықталады:
1) тұрғындар активінің (бастамашыл топтың) болуы, оның үй маңындағы аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру, кіреберістерде, үйде тазалық пен тәртіпті сақтау үшін үйдің пәтер иелерімен жұмысқа белсенді қатысуы, үй тұрғындарының жиналыстарын тұрақты өткізуі және олардың шешімдерін орындауы;
2) ортақ пайдаланылатын орындарды, лифт кабиналарын, балкондарды, лоджияларды, жертөлелерді, шатырларды таза және ұқыпты ұстау, шатырларда және жертөлелерде бөгде адамдардың тұруына қарсы шаралар қабылдау;
3) үйдің қасбетінің жай-күйі, ғимаратқа кіре берісте және кірешектерде жарықтандырудың дұрыс болуы, кірешектердің есіктерінде, үйдің қабырғаларында ақпараттың өз бетінше орналастырылмауы, арнайы хабарландыру тақталарының болуы;
4) баспалдақ алаңдарын жарықтандыру және кірешекте жылудың болуы; кірешектерде терезе жақтауларының, есту терезелерінің және есік блоктарының жарамды болуы, баспалдақ қоршауларының, пошта жәшіктерінің сақталуы;
5) үйде техникалық қорғау құралдарының болуы, кірешектерде кірешектердің, пәтерлердің нөмірі, ПИК, диспетчер телефондары жазылған тақтайшаның болуы;
6) тұрғын үй және коммуналдық қызмет ақысын уақытылы төлеу, тұрғын үй коммуналдық қызметтер үшін қарыздарының төмендеуі, (тұрғын үй коммуналдық қызметтер үшін төлем есептеуді жүзеге асыратын ұйымның анықтамасымен расталады);
7) үй кірешектерінің алдында немесе үй маңындағы аумақта гүлзарлардың немесе көшеттердің болуы;
8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің тиісті санитарлық және техникалық жай-күйін қамтамасыз ету (инженерлік желілер, кірешектер, үй маңындағы аумақ және т.б.).
Конкурстың максималды бағалануы - 80 ұпай. Әр пункттің максималды бағалануы - 10 ұпай.

3 КОНКУРС ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ

3.1 Конкурс қорытындысын шығару үшін комиссия тағайындалады.

3.2 Конкурстық комиссияның жұмысына басшылықты конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған кезде комиссия төрағасының орынбасары басшылық етеді.

3.3 Комиссия берілген өтінімдер мен материалдарды қарайды, орындалған жұмысты бағалайды және жеңімпаздарды жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес анықтайды.

3.4 Әр номинацияда ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар конкурс жеңімпаздары болып танылады.

3.5 Байқау жеңімпаздарына тиісті атақ беріле отырып, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

 

 

 

 

 

 «Біздің сүйікті үйіміз және әсем ауламыз» қалалық конкурсын өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның төрағасы
Б. К.Ахметовке


_______________________
__________________________

 

ҚАЛАЛЫҚ КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
        
ПИК (ҮИК), ЖК, МИБ. ҚТ, үйбасы, пәтер иелері ____________________________________________________________________Аты-жөні_______________________________________________________

 

Сізден _____________________________ көшесіндегі № _ _ _ үйімізді (№__кірешек) «Біздің сүйікті үйіміз және әсем ауламыз» қалалық конкурсына қатысушылар қатарына төмендегі номинация бойынша қосуды сұраймын (сұраймыз):

  1. «Үздік кірешек»

 

  1. «Үлгілі аула»

 

  1. «Ынтымақтыу үй»

 

Қалалық конкурстың шартымен келісемін (келісеміз)

Мекен жайы (нақты және заңды):________________________________
________________________________________________________________

Байланыс телефоны (факс):  _______________________________________

____________________          
(күні, айы, жылы)
_____________________
(қолы)

 

 

Конкурстық комиссия
ҚҰРАМЫ

  1. Б.Қ.  Ахметов – конкурстық комиссия төрағасы, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары.
  2. С.Б. Байселдинов – конкурстық комиссия төрағасының орынбасары, «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы» ММ басшысының орынбасары.
  3. С.Ж. Уахит – конкурстық комиссия мүшесі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ басшысының орынбасары.
  4. Маненов С.Б. – конкурстық комиссия мүшесі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы.
  5. З.А. Мұхамеджанова – конкурстық комиссия мүшесі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы.
  6. Р.К. Мұсайбеков – конкурстық комиссия хатшысы, «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы» ММ сектор меңгерушісі.