КТҮ күрделі жөндеу

КТҮ күрделі жөндеу

2012 жылдан бері Екібастұз қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Осы кезеңде  пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иелері КТҮ 45 кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеді. 
Бағдарламаны іске асыру аясында пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иелері үйді жөндеуге жұмсалған қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету шартымен КТҮ күрделі жөндеу жүргізуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді.
2020 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасымен Энергетиктер к. 71, Кеншілер к. 15В, Пшенбаев к. 27, Энергетиктер к. 42, Пшенбаев к. 12, Абай к. 1В, Энергетиктер к. 38А, Энергетиктер к. 38Б, М.Жүсіп к. 27 бойынша 9 КТҮ күрделі жөнделді. 
Үйлерде шатырлар қайта жаңартылып, қасбеттер мен кіреберістер күрделі жөнделді, кіреберістердің терезелері ПВХ-дан жасалған жаңасына ауыстырылды, жылу энергиясын реттеудің автоматтандырылған жүйесі орнатылды (автоматтандырылған жылу торабы)
Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен Королев к. 76А, Королев к. 76Б бойынша 2 үйді күрделі жөндеуге қаражат бөлу жоспарланды. 
Бағдарламаға қатысуға Энергетиктер к. 69, Кеншілер к. 121, Е.Көшербаев к. 58, Королев к. 70, Пшенбаев к. 25/26, Энергетиктер к.105, М.Жүсіп к. 40 бойынша КТҮ пәтер меншік иелерінен өтінімдер ұсынылды,  олар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
Е.Көшербаев к. 40А, Энергетиктер к. 40А, Пшенбаев к. 14, М. Әуезов к. 28, М.Жүсіп к. 38А, Қонаев к. 36, Ломоносова 15А, Екібастұзға - 40 жыл к.  23/1 үйлердің пәтер меншік иелері Бағдарламаға қатысу үшін құқық белгілейтін құжаттарды қалпына келтіру жұмысын жүргізуде.
Пәтер меншік иелері Бағдарлама аясында кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеудің басқа да түрлерін атап айтқанда, жертөледегі инженерлік желілерді, электр желілері мен жабдықтарды, кіреберістердегі топтарды (күнқағарларды) күрделі жөндеп, ескі лифтіні жаңасына ауыстырып, жылу алмастырғыштар мен жалпыүйлік жылу энергиясын есептейтін аспаптарды орната алады.
КТҮ күрделі жөндеу жүргізу үшін пәтер, тұрғын емес меншік иелерінің 2/3 астамының оң шешімі, кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі қажет.
Ортақ мүлікті күрделі жөндеу жұмыстары көздейді:
1) аз жұмыс түрі – тұрғын үйдің шатырын, кіреберісі мен жертөлесін жылуды тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесі мен жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу аспабын міндетті түрде орната отыра жөндеу;
2) жұмыстың ауқымды түрі дегеніміз – шатырды, кіреберісті, жертөлені, қасбетті жөндеу, лифт жабдығын (бар болса) жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесі мен жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу аспабын міндетті түрде орнату отыра жөндеу (ауыстыру). 
Жоғарыда айтылғандардан басқа, лифт жабдығын (бар болса), жертөлені (инженерлік желілерді қоса алғанда), сондай-ақ, пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иелері жиналысында қабылданған жұмыстардың жекелеген түрлерін жөндеу (ауыстыру) болып табылады.
Пәтер меншік иелері әр пәтерден нысаналы жарна жинамайды, жөндеу үшін төлем жөндеуден кейін басталады, тұрғындар орындалған жұмыстар үшін пайызсыз бөліп-бөліп төлейді, төлем мөлшері барлық өтеу мерзімінде  өзгермейді, оған қоса табысы аз меншік иелері тұрғын үй көмегіне алатыны - Бағдарламаның жағымды тұсы болып табылады.
Бағдарламаға қатысу - шатырдан су ағу; пайдаланудың нормативті  мерзімі аяқталған лифтіні заманауи қауіпсізіне ауыстыру; жылу энергиясын есептеу аспабын орнату арқылы жылуды тұтыну шығындарын азайту мәселелерін шешеді.