МИБ және ҚС басқарудың жаңа формаларына көшу

МИБ және ҚС басқарудың жаңа формаларына көшу

Құрметтіқала тұрғындары!

Тұрғын үй қатынастары саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және ортақ мүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың екі нысанының бірін таңдауға міндетті екендігіне назар аударамыз, бұл:

  1. мүлік иелерінің бірлестігі (бұдан әрі – МИБ);
  2. қарапайым серіктестік (бұдан әрі – ҚС).

МИБ және ҚС құру туралы заң Қазақстанда 2020 жылғы 7 қаңтардан бастап күшіне енді. Осыған байланысты, көп пәтерлі тұрғын үйлердің пәтер иелері МИБ немесе ҚС құру бойынша жұмысты жеделдетуі қажет.

Әрбір көп пәтерлі тұрғын үй ортақ мүлікті басқаруды және күтіп-ұстауды ұйымдастыру мақсатында басқару нысандарының бірін: мүлік иелерінің бірлестігін (МИБ) не қарапайым серіктестікті таңдауы тиіс. МИБқұру үшін тұрғындар жиналыс өткізіп, пәтер иелерінің немесе үйдің тұрғын емес үй-жайларының арасынан төрағаны таңдайды.

Жиналыстан кейін бірлестікті тіркеу үшін әділет органдарына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгіну қажет: белгіленген формадағы өтініш, жиналыстың хаттамасы, бірлестіктің жарғысы (жарғы үлгілік болуы мүмкін), сондай-ақ, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке тіркеу алымының төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат. Тұрғындар үшін қолданыстағы азаматтық заңнамаға сәйкес, бірлескен басқару шартын жасасу және ортақ мүлікті басқару және күтіп ұстау мәселелерін шешу үшін пәтер иелерінің немесе үйдің тұрғын емес үй-жайларының арасынан сенім білдірілген адамды сайлау жеткілікті.

Сонымен бірге, кондоминиум нысандарын басқару органдарының басшыларын атап өткім келеді: ҚР Заңын іске асыру кезінде пәтер иелерімен басқаруды таңдау және жаңа формаларына көшуге қатысты жүргізген жұмыстары үшін «Жетпісбаева» ЖК - З.Ж.Жетпісбаеваны, «Сыздықов» ЖК - Ж.Д. Сыздықованы.

Қазіргі уақытта Екібастұз қаласында пәтер иелері басқарудың жаңа формаларына көшу және әділет органдарында тіркеу жұмыстарын жүргізуде.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мамандары тұрақты негізде консультативтік жұмыс жүргізеді және қажетті құжаттарды ресімдеуге көмек көрсетеді.

Кондоминиум объектісін басқарудың жаңа формаларын (МИБ және ҚС) құру мәселелері бойынша тұрғындар Энергетиктер көшесі, 62, 318-кабинетке немесе 347-353, 347-347 телефондарына хабарласа алады.