2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзарту туралы

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзарту туралы

Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты.

 

 

2006 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ БАНКНОТТАР

                                     
              

2 000 теңге

5 000 теңге

10 000 теңге

 

«Халықтан өтініштер түскен соң, осындай шешім қабылдадық. Кейбір азаматтар, әсіресе, зейнет жасындағы қариялар әртүрлі себептерге байланысты ескі банкноттарды уақытында айырбастап үлгермеген», – дейді Ұлттық Банктің Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажмұратов.

Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталады. Олардың мекенжайы мен байланыс телефондары туралы ақпарат Ұлттық Банктің сайтында орналастырылған.

Павлодар облысында аталған ақша белгілерін айырбастау бойынша Павлодар қаласы, Ак.Сәтбаев көшесі, 44 мекенжайы бойынша орналасқан Ұлттық Банктің  Павлодар филиалына жұмыс күндері сағат 09.00-ден бастап 15.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін) хабарласу қажет, байланыс телефондары 70-44-27, 70-44-26, 70-44-15.

2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады.

Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың 4 қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады.

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:

+7 (717) 2 775 205

e-mail: press@nationalbank.kz www.nationalbank.kz