Көпшілік алдында талқылау. 2025 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Көпшілік алдында талқылау. 2025 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңында белгіленген талаптарға сәйкес, ағымдағы жылдың 14 қаңтарында қаланың тұрғын үй инспекциясы бөлімінде 2025 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қорытындылары туралы көпшілік талқылау өтті.

Көпшілік талқылауды өткізудің негізгі мақсаты жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібі мен шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз ету, сондай-ақ проблемалық мәселелерді анықтау және шешу тәсілдерін қарау болып табылады.

2025 жылы Екібастұз қаласы бойынша көппәтерлі үйлердегі ескірген лифттерді ауыстыру бойынша жөндеу науқаны өтті, "Е-лицензиялау" жүйесі бойынша жергілікті атқарушы органға есепке М.Жүсіп көшесі 58/1, М. Жүсіп көшесі  64б, Сәтбаев көшесі 3, Сәтбаев көшесі 12/3, Абай көшесі 49/4, Беркімбаев көшесі 90, Беркімбаев көшесі 104/2 және Шешембеков көшесі 11В үйлерінде орналасқан 10 жолаушылар лифті қабылданды.

Есепті кезеңде қаланың әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде Лифтілерді қабылдау жөніндегі комиссиялар – Теміржол вокзалы, "Самғау" балалар шығармашылығы орталығы, "Kegok"АҚ әкімшілік ғимаратында өтті.

Жергіліктіатқарушыорганға М. Әуезов көшесі 55А мекенжайындағы жаңаүйдежұмысістейтінлифтілересепкеқойылды.

Меншік құқығын қайта ұйымдастыруға байланысты Екібастұз өңірінің Шідерті кентінің қазандығының теңгеріміндегі жылыту және су жылыту қазандықтары қайта тіркеуден өтті.

Павлодароблыстықсотыныңапелляциялықсатысыныңқаулысы бойынша тұрғын үйинспекциясынаЕкібастұзЖЭОқауіптітехникалыққұрылғыларыдаесепкеқойылды.

Тұрғын үй инспекциясы бөлімінде есепті кезеңде барлығы 55-тен астам қауіпті техникалық құрылғылар тіркелді.

Жиынға қатысушылардың Денсаулық сақтау мекемелерінде лифттерге техникалық қызмет көрсетуге қатысты проблемалық мәселелері тыңдалды, халықты мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидалары туралы хабардар етуді жалғастыру туралы ұсыныс шығарылды, "Е лицензиялау" порталы бойынша өтініш беру тетігі және жыл сайынғы техникалық куәландыруды, сондай-ақ ескірген лифттерге өнеркәсіптік сараптама жүргізу тәртібі түсіндірілді.

Талқылау соңында кездесуге қатысушылар әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде "қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызмет көрсету процесі бойынша инфографика алды.

Лифтілерді, эскалаторларды және өзге де қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын сақтау ұсынылды.