Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі
 
 
2025 жылғы 29 желтоқсанда Екібастұз қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңке барысында халыққа әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй қатынастары, жер қатынастары және сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, дене шынықтыру және спорт, ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша консультациялық кеңестер, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Павлодар облысы бойынша филиалының Екібастұз қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы көрсетілетін  мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді
Дереккөз: Екібастұз қаласы әкімінің аппараты