
Есепті кезеңде желтоқсан айында "ДомКомХоз" ЖШС-нің Шәкәрім көшесі, 5 тұрғын үй қорын басқару және үйдің ортақ мүлкін ұстау саласындағы қызметі бойынша мемлекеттік бақылау орындалды. Жоспардан тыс тексеру тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне және бекітілген тексеру парағына сәйкес жүргізілді.
2025 жылғы 12 қаңтар мен 8 қазан аралығындағы кезеңде жалпы жиналыстарды өткізу, Жалпы үй мүлкін тексеру және түгендеу актілерінің болуы бөлігінде құжаттама тексерілуге тиіс болды. Бекітілген түгендеу тізбесі негізінде ортақ мүлікті ұстау қағидаларында көзделген тексеру актілері жоқ.
Шәкәрім көшесі, 5 үй маңындағы аумағы мен жалпы пайдаланылатын орындарын жинау бойынша талаптардың сақталуына көшпелі мониторинг жүзеге асырылды, абаттандыру ережелерін бұзу анықталды, материалдар басқару органын әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жергілікті полиция қызметіне жіберілді.
Үйдің 4 кіреберісінде терезе әйнегі жоқ.
Барлық анықталған бұзушылықтар мен ескертулер бойынша тексеру субъектісіне 2026 жылғы 15 қаңтарға дейін орындалу мерзімімен ұйғарым берілді.
Ұйғарымның орындалуы тұрғын үй инспекциясының бақылауында тұр.