Мемлекеттік қызметтер туралы

Мемлекеттік қызметтер туралы

Тұрғын үй инспекциясы бөлімі Екібастұз қаласының әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде "Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметін ұсынады.

Өтініш беру үшін өтініш беруші "E-gov.kz", "e-lisence" қауіпті техникалық құрылғының паспортын қоса бере отырып порталдар арқылы өтінім береді. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі-3 ЖҰМЫС КҮНІ, нәтижесі есепке қою (қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалануға рұқсат беруге лицензия беру) туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту болып табылады.

Қараша айындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органда сауда-ойын-сауық орталықтарында, Денсаулық сақтау және білім беру, мәдениет объектілерінде және көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан 267 қауіпті техникалық құрылғы есепке алынды.