Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 шілдедегі «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» №551/7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 шілдедегі «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» №551/7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 84, 85, 86, 87-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының
6-тарауына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының
65-бабына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 шілдедегі «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» №551/7 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасында:

«Тегі, аты, әкесінің аты» бағанының 1-тармағындағы «Кадырова Кулянда Жумабековна» сөздері «Кадырова Кулянда Жумабековна, Кадыров Ернар Серикович» сөздеріне ауыстырылсын;

«Тегі, аты, әкесінің аты» бағанының 10-тармағындағы «Артамонова Антонина Ярославовна, Музыка Валерий Ярославович, Музыка Вера Александровна, Музыка Юлия Сергеевна, Музыка Ярослав Сергеевич, Музыка Владимир Валерьевич» сөздері «Артамонова Антонина Ярославовна, Музыка Юлия Сергеевна, Музыка Ярослав Сергеевич, Музыка Владимир Валерьевич» сөздеріне ауыстырылсын.

  1. Екібастұз қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті бойынша осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Екібастұз қаласының

             әкімі                                                                                             А. Бейсекин