Мемлекеттік қызметтер туралы

Мемлекеттік қызметтер туралы

Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуды насихаттау аясында тұрғын үй инспекциясының мамандары қаланың сауда-ойын-сауық мекемелеріне барды, "Қауіпті өндірістік объектілер мен қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметін алу тәртібі туралы ақпараттық буклеттер мен брошюралар тарату акциясы өткізілді.

Акция "Болашақ+" СОО, "MaxiMall" СОО, "Сириус" СҮ және өзге де ұйымдарда өткізілді.

Тұрғын үй инспекциясы ұсынатын мемлекеттік қызметтер толық автоматтандырылған, ұсыну мерзімі 3 жұмыс күні ішінде, өтініш беру үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын өтініш берушілер "E-gov.kz "және "e-license.kz" порталдардағы өтінішке қауіпті техникалық құрылғының паспортын қоса береді.

Мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет алушыларға 35-тен астам ақпараттық жадынама берілді.