Мемлекеттік бақылау туралы

Мемлекеттік бақылау туралы

Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне және тұрғын үй қорын басқару саласындағы бекітілген тексеру парағына сәйкес 2025 жылғы 3-5 қыркүйек аралығында М.Жүсіп көшесі, 37а көппәтерлі үй бойынша "Бұлақ" ПИТК басқару органы жоспардан тыс тексерілді.

Есепті кезеңде жалпы жиналыстар өткізу, оның ішінде пәтер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерін басқару органын таңдау туралы құжаттама тексерілді.

Тексеру жалпы пайдалану орындарын дезинсекциялау, дератизациялау және дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу бөлігінде өтті, басқару органы заңды міндеттердің сақталғаны туралы растайтын құжаттарды (орындалған жұмыстардың актілері және мамандандырылған ұйымдармен қызметтер көрсетуге арналған шарттар) ұсынды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабының 5-бөлігі бойынша кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептерді ұсыну мерзімдерін бұзу анықталды. "Бұлақ" ПКСК төрағасы күнтізбелік жылға ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Тексеру субъектісіне ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі мерзімде үй пәтерлерінің иелерімен есепті жиналыс өткізу және атқарылған жұмыстың нәтижелерімен, сондай-ақ ортақ мүлікті басқару және күтіп ұстау жөніндегі есептермен таныстыру тапсырылды.

Нұсқаманың орындалуы Тұрғын үй инспекциясының бақылауында.