Қала әкімі Аян Бейсекин жұмыс сапарымен мемлекеттік жаңғырту бағдарламасы аясында ескірген лифттерді ауыстыру барысын тексерді. Кездесу М. Жүсіп көшесі 58/1 мекенжайында өтті, үйдің пәтер иелері бағдарламаға қатысуға және қаражатты қайтаруға заңды келісімге қол қойды.
"Жалпыүйлік мүлікті ұстау, оның ішінде лифттерді ағымдағы және күрделі жөндеу пәтер иелерінің заңды міндеті болып табылады", - деп еске салды қала әкімі кездесуге қатысушыларға.
Соңында А. Бейсекин тұрғындарды жаңа лифттердің іске қосылуымен құттықтады.